Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні жасөспірім жоғалып кетті

0
13

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жоғалған баланың ерекше белгісі бар: сол қолының артқы жағында ұзындығы үш сантиметрдей тыртық қалған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедев жоғалып кетті.

Жасөспірім 1 қаңтар күні таңғы сағат 4.30-да шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған, қазір оны полиция іздеп жатыр.

Оқушы 17 жаста. Алға ауданының Қарақұдық елді мекенінде тұрады.

«Белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа, қара, қой көзді, жақ сақалы мен мұрты аздап өскен», – деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол қолының артқы жағында ұзындығы үш сантиметрдей тыртық бар.

Оқушының үстінде сұр түсті болон күртке, бас сүйегінің суреті салынған қара кеңжейде (толстовка), қара-сұр джинсы болған.


©
Photo : пресс-служба департамента полиции Актюбинской области

Анатолий Лебедев Жаңа жыл түні Қарақұдық елді мекенінде жоғалып кетті

«Іздестіру жұмыстарына 30 полиция қызметкерінен тұратын бірнеше топ, төтенше жағдайлар департаментінің он қызметкері және екі арнайы техника жұмылдырылды», – деп хабарлады полиция.

Іздеуге ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қосылды.

Облыс орталығы мен Қобда ауданынан қосымша 40 полицей мен кинологтар жіберілді.

Полиция жоғалған адамның қайда екенін білетін адамдардан 102, 936-232, 936- 325, 8 705 819 55 82 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.



sputniknews.kz