Ақтөбе облысында тағы 1 адам коронавирус індетін жұқтырды
Бүгінгі таңда республикада коронавирусты жұқтыру дерегі 15 облыс пен республикалық маңызы бар қалада тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысында тағы 1 адам коронавирус індетіне шалдықты, деп хабарлады жедел штаб.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 284 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 167,
- Алматы қаласында – 70,
- Шымкент қаласында – 2,
- Ақмола облысы – 6,
- Ақтөбе облысында – 2,
- Алматы облысында – 6,
- Атырау облысында – 12,
- Шығыс Қазақстан облысы – 2,
- Жамбыл облысында – 3,
- Батыс Қазақстан облысында – 2,
- Қарағанды облысы – 7,
- Қызылорда облысы – 2,
- Маңғыстау облысы – 1,
- Павлодар облысында – 1,
- Солтүстік Қазақстан облысында – 1.
Коронавирустан барлығы 20 адам жазылып шықты, 64 жастағы әйел қайтыс болды.
sputniknews.kz