Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды

0
15

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өрт тұрғындар ұйықтап жатқанда, таңертең ерте шыққан. Көршілердің бір үйдегі адамдарды, оның ішінде жүкті әйел мен үш баланы өрттен аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында ер адам өрттен жеті адамды алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 23 мамыр күні таңғы бесте болған.

Көрші тұратын Медет Қалмұханов өртті байқап қалып, өрт сөндірушілер келгенге дейін терезені сындырып, үйге кірген. Ер адам жеті тұрғынға сыртқа шығуға көмектескен, олардың үшеуі бала, біреуі жүкті әйел.

Оқи отырыңыз: Үй отқа оранды – балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды 

«Қажет кезде қажет жерден табылғаныма өте қуаныштымын!», – дейді Медет.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден астам үйдің шатыры мен дәліз отқа оранды. Өрт сағат 05.04-те ошауланып, 05.56-да сөндірілді.



sputniknews.kz