Ақтөбе облысында 12 жолаушысы бар автобус аударылып кетті

0
452

Ақтөбе облысында 12 жолаушысы бар автобус аударылып кетті.

Оқиға 27 маусымда «Самара – Шымкент» тас жолында болған. Автобус отбасылық мерекеден қайтқан қонақтарды Калинин ауылынан Ақтөбе қаласына алып бара жатқан.

Полиция мәліметінше, 12 жолаушысы бар автобус жүргізушісі жол ережелерін бұзған. 12 жолаушының үшеуі бала екені анықталды.

«Жүргізуші жолындағы бөгеттерге қарамастан, жылдамдығын төмендетпеген, соның салдарынан автобус оң жаққа қарай аударылып кеткен», – делінген ПД хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шеккен, олардың бірінің сүйегі сынып, ауруханаға жатқызылған.