«Ақтөбе» мен «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелеспен аяқталды (видео)
Хоккейден астаналық клуб пен Аққтөбедегі мұз айдыны қожайындарының арасындағы кездесу ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды. Ойын кезіндегі жекпе-жектің шындыққа ұласқаны соншалық, «Барыс» хоккейшілерін қонақүйге дейін полиция қызметкерлері жеткізіп тастаған деп хабарлайды
Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жастар Лигасы аяндағы «Барыс» пен «Ақтөбе» клубының тартысты ойыны үлкен ұпаймен емес, айыппұл уақытының мөлшерімен, төбелес және полицейлердің араласуымен есте қалды.
Кездесу барысында қарсыластар арасындағы төбелес өрши түсіпті. Александр Олейник есімді спорт комментаторы оларды видеоға түсіріп, желіде жариялаған.
Қос команданың ойыншылары да 142 минут көлеміндегі айыппұл уақытын жинап алыпты. Екі қарсылас тарапынан да ереже бұзылғаны анықталды.
Матчтан кейін астаналық хоккейшілерді жергілікті полицейлерге шығаып салуға тура келген.
Я знаю оторванность футбольных фанатов в Актобе, но зачем это в хоккее? Жастар лига, 2002 год рождения. Так эти идиоты на детей бросались, пришлось сопровождать до гостиницы, но это вряд ли их остановит pic.twitter.com/3rJ3fL8zHV
— Александр Олейник (@AlexOleinik11) January 19, 2019