Қазақстанда имамдар қанша жалақы алатыны белгілі болды

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

14 0 0

«Қажылық қорынан» 103 имамға қаражат аударылды

АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың шешімен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттердің имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы берілді.  

Қаржы «Қажылық қоры» есебінен 103 имамға аударылды.

«Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер. Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына «Қажылық қоры» есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды. Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз», – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, еліміз бойынша, 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері. Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/