Ақтауда жоғалған сарбаз табылды
Ақтауда сарбаз қызметтестерімен бірге көшедегі кезекшілігі аяқталған соң жоғалып кеткен Бағлан Әділбеков табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«2022 жылғы 17 мамырда сағат 07.15 шамасында 6656 әскери бөлімінің жауынгері қатардағы Әділбеков Бағлан Ақтау қалалық полиция бекетіне өз еркімен келді»,– деп мәлімдеді «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі.
Айтуларынша, сарбаз ата-анасымен жолыққан.
Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін әскер қатарына шақырылған 18 жастағы сарбаз Бағлан Әділбековтің 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалғаны хабарланған еді.
(фото ашық ақпарат көздерінен)