Әлемнің 34 оқу орнынан шақырту алған қазақ баласы кім?

0
273

Шымкенттік Мирас Сейілхан әлемнің 34 оқу орнынан шақырту алды. «Білім-Инновация» мектебінің 11-сыныбында оқитын жігітті америкалық, британиялық, италиялық және аустралиялық университеттер шақырған, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Мирас – өзі оқитын мектептің президенті және bil PRESS, BIL VOLUNTEERS жобаларының негізін қалаушы. Өзі әркез шетелдің беделді университеттерінде оқуды мақсат тұтқан. Оған дайындықты 9-сыныпта бастапты.

Ұзақ және табанды дайындық, кәсіби ұстаздар мен сапалы білімнің арқасында Мирас халықаралық емтихандар тапсырып, үздік нәтиже көрсеткен: IELTS — 8.0 ұпай, Duolingo — 135. Сондай-ақ 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

Бұдан кейін шымкенттік оқушы әлемнің 34 оқу орнынан шақырту алған. Атап өтсек, 12 америкалық, 5 британиялық, 5 канадалық, 1 испан университеті, 4 аустралиялық және тағы басқа елдерден шақыртулар түскен. Жас түлек әзірге Colgate University, London School of Economics пен Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр.

Мирас Сейілхан қаржы мен экономика мамандығын меңгеруді жоспарлап отыр. Оқуды аяқтаған соң, елге оралып, Отанына қызмет етпек.

«Ұстаздарыма алғысым шексіз. Олардың рөлі зор», – дейді түлек.

Мирас Сейілхан 9-11 сынып аралығында тек оқуға түсуге дайындалғанын атап өтті.

(фото stan.kz)