Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті
Қысқа сілтеме алу
Туыстары Галина Ермольчаева итпен және көрші ауладағы құрбыларымен бірге серуендегенін хабарлады. Оларға қайырлы түн тілеп, үйіне кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр – Sputnik. Ақтауда 16 жастағы қыз итпен серуендеуге кетіп, үйіне оралмады. Облыстық полиция департаментінің барлық қызметкері жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Қыздың туыстары 15 мамырда сағат 18:00-де 2004 жылы туған Галина Ермольчева итпен серуендеуге шығып кетіп, сағат 21:30-ға дейін көрші аулада болған, деп жазды Lada.kz. Оқушы көк күрте, джинсы және ақ кроссовка киген.
«Ол құрбыларына қайырлы түн тілеп, үйге кеткен. 100 метр ғана жер. Бірақ үйге оралмады», — дейді қыздың туыстары.
Сенбі күні таңертең туыстары полицияға хабарласқан. Олар Маңғыстау облысы полициясының барлық жеке құрамы, сондай-ақ Ақтау полиция басқармасы қызды іздеуге жұмылдырылғанын айтты.
Жасөспірімнің қайда екенін білетін адамдар мына телефондарға хабарласа алады: 8 (702) 807-72-30, 8 (778) 369-15-44.
sputniknews.kz