Маңғыстау полициясы: Барлық қызметкер 16 жастағы жоғалған қызды іздеуге жұмылдырылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Облыстық полиция департаментінің барлық қызметкері Галина Ермолчеваны іздеуге бағытталған. Бұл туралы Маңғыстау полиция департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Облыстық полицияның хабарлауынша, Галина Ермолчеваның туыстары бүгін, 16 мамырда полицияға хабарласқанын мәлімдеді.

 2004 жылы туған қыз 2020 жылдың 15 мамырында сағат 18: 00-де итті серуендетуге үйден шығып кеткенін және қайтып оралмаған. 

«Маңғыстау облысы полиция департаментінің барлық қызметкерлері, сондай-ақ қалалық полиция бөлімі қызды іздеуге бағытталған», — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Галина Ермолчева қаланың 35-ші ықшамауданындағы 28-үйден шығып, қайтып оралмаған.

stan.kz