Ақтауда ұрылар касса аппаратын қолды қылды (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Ақтауда екі азамат фастфуд сату нүктесіндегі касса аппаратын қолды қылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға 1 наурыз күні «Аққала Молл» ойын-сауық орталығында орын алған. Ұрылардың әрекеті сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода сыбайлас екі азаматтың терезені бұзып, дәмхананың ішіне кіріп, ондағы касса құрылғысын алып кеткендігі байқалады.
Қазіргі таңда жергілікті полиция мен дәмхана басшылығы аталған жайт бойынша әлі пікір білдірмепті.
https://www.youtube.com/watch?v=brigCSSbtZA
Соңғы кездері Қазақстанда оңай олжаға көз алартқандардың саны өсуде. Бұған дейін Павлодарда жеңіл ақша таппақшы болған ер азамат банкоматты жарып жібергені айтылған еді.
stan.kz