«Оңтүстік Кореядан 150 қазақстандық келді»: Билік ақпаратқа түсініктеме берді – Қазақстан жаңалықтары

0
23

Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Оңтүстік Кореядан 150 қазақстандық келді деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұған дейін Оңтүстік Кореядан Жамбыл облысына 150 қазақстандық келді деген ақпарат тарады.

«Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар мен күдіктілер жоқ. Оңтүстік Кореядан Жамбыл облысына келген Қазақстанның 150 азаматы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Комитеттің хабарлауынша, өңірде коронавирусты инфекцияға жол бермеу үшін барлық шаралар қабылданып жатыр. Билік медициналық ұйымдардың дайындығын қамтамасыз етіп, шетелден келгендерге күнделікті мониторинг жүргізуде.

stan.kz