Ақтауда қаза болған жігіт өлер алдында анасымен сөйлескен: оқиғаның мән-жайы

0

https://sputniknews.kz/images/746/48/7464867.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20200107/12476266/Aqtau-zhigit-qonyrau-video.html

Ақтаудағы кемелердің бірінде қазақстандық матростың денесі табылды. 18 жастағы жігіт әскери борышын өтеп жүрген. Ол өз-өзіне қол салды деген болжам жасалып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар — Sputnik. Ақтаудағы кемелердің бірінде қазақстандық матростың денесі табылды. 18 жастағы жігіт әскери борышын өтеп жүрген. Ол өз-өзіне қол салды деген болжам жасалып отыр. Трагедияға дейін жігіт үйіне хабарласқан, деп жазады «Астана» телеарнасы.

Жігіттің денесін кемедегі кезекші түнгі сағат үш кезінде тапқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер матростың тұншығудан көз жұмғанын анықтады. 

«Жедел жәрдем қызметінің бригадасы 10 минут ішінде жетті. Алайда тым кеш болды. Егер де біреу ертерек байқап, жедел жәрдем шақырғанда, жігітті аман алып қалу мүмкін болар ма еді», — деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.

Көз жұмған матрос Ақтауға әскери борышын өтеу үшін күзде Түркістан облысынан келген. «Қазақстан» ракеталық-артиллериялық кемесінде техник болып қызмет еткен. 

Тағы оқыңыз: Ақтауда әнұран айтудан бас тартқан екі сарбаз ауруханаға түсті

Әскери бөлім Жаңа жыл түнінде болған трагедияға қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жігіттің қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын үйіне хабарласқаны айтылып отыр. Кешкі 11-де анасымен соңғы рет сөйлескен. Олар 15 минуттай сөйлескен. Жігіттің туғандары әскери бөлімді кінәлап отырған жоқ.



sputniknews.kz