8 қаңтарда ауа райы қандай болады: дабылды ескерту

0

Ертең, сегізінші қаңтарда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қаңтар – Sputnik. Қазгидромет республиканың астанасы мен үш облысында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ертең, 8 қаңтарда Нұр-Сұлтанда тұман сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кейбір аймағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында да тұман сақталады деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық маман 2020 жыл қандай болатынын айтты

Бұған дейін Қазгидромет синоптиктері 7 мен 9 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам ұсынды. Алдағы күндері республиканың басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады, көктайғақ болады. Күн тағы да суытады деп күтілуде.



sputniknews.kz