Ақтауда қатерлі дертке ұшыраған сәбидің көзін алып тастауы мүмкін — новости Казахстана

0

Ақтау қаласының тұрғындары Талғат пен Меруерт екі жасар Әлиханның ата-анасы. Жанұя бүлдіршіннің қатерлі ісігі бар екенін білмей тұрып бақыт пен шаттықта өмір сүрген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ата-аналар мұрағатынан

Фото: Ата-аналар мұрағатынан
Source: Facebook

Әлихан төрт айға толғанда тамақтан бас тартқан. Ол уақытта Меруерт оны тек кеуде сүтімен ғана тамақтандырыпты. Бір жарым ай бойы сәби тамақты да, кеуде сүтін де қабылдамай қойыпты. Бір таң қаларлығы, ол мүлде жылмаған. үнемі тек анасының бетіне қарап ұйықтап қалған.

«Біз сол уақытта окулисттен бөлек барлық дәрігерге қаралдық. Талдаулар жасадық. Дәрігерлер ештеңе таппай, неврапотологқа жіберлі. Басын да тексерттік. Бірақ, еш нәтиже болмады. Дәрігер оның тіл қатпарынан сүт еме алмайтынын айтты. Біз тіл қатпарын жою үшін ота жасаттық. Бір айдан кейін ол еме бастады», — деді Меруерт.

Көңілі орнына түскен Меруерт Кебенбаева бір жасар Әлиханды окулистке жоспары тексеруге алып барады. Алайда дәрігердің кабинетінде естіген сұмдық Меруертті есеңгіретіп тастаған.

Фото: Ата-аналар мұрағатынан

Фото: Ата-аналар мұрағатынан
Source: Facebook

Окулист баланың оң көзіндегі өзгеше жарықты көрген соң оны тексеруге жібереді.

«Баламның қатерлі ісігі туралы естігенде, аспан айналып жерге түскендей болды. Мен қатты жыладым. Тіпті, уақытты есептей алмадым. Мен үшін барлық әлемнің мәні жоғалып кетті».

Он күннен кейін біз квота арқылы ұлымызды Алматыдағы «Балалар педиатриясы мен хирургиясы» орталығына алып келдік. Бұл жақта да Ретинобластома 3 сатылы, тор қабатының екінші қабаттануы диагнозын растады.

Әлихан химиотерапияның екі курсын өтті. Алайда ол уақытта Әлиханның денсаулығы төмендегенімен, қатерлі ісікке еш әсері болмады.

Сол кезде біздің отандық дәрігерлер баланың көзін құтқара алмайтынын, себебі оларда «ағзаларды сақтайтын оталар»деген хаттама жоқ екенін айтты. Тек көзді жою қалған екен.

Мен оны емізген кезде жүрегім қан жылап отырады. Ол үнемі барлығын сезіп, маған «Анашым, сен менің көзімді алдыруға шынымен рұқсат бересің бе» деп айтқысы келген сияқты көрінеді», — деді Меруерт.

Меруерт пен оның жұбайы тағдыр соққысына берілмей, балаларына көмек көрсете алатын дәрігерлер мен клиникалар іздеген.

«Мен Швейцарияда ғажайыптар жасайтын профессор бар екенін естідім. Дереу оны тауып алып, клиникаға хат жаздым. Ал жауап келгенде қолым дірілдеп әрең аштым. Профессор бізге шақырту жіберіпті! Ол менің ұлымды құтқарып қалады! Біз қатты қуандық! «, — деді шырылдаған ана.

Енді жанұяға қажеті тек ақша мәселесін шешу болып тұр. Қомақты қаржыны табу үшін Меруерт пен Талғат Ақтаудағы пәтерлерін сатып, ауылдағы ата-аналарының қасына тұруға кеткен. Оларға достары, туыстары мен әріптестері көмек көрсеткен. Тырысып, тырмысқан жас отбасы соманың жартысын ғана жинап үлгеріпті.

Фото: Ата-аналар мұрағатынан

Фото: Ата-аналар мұрағатынан
Source: Facebook

Артынша баланың еміне ақша жинау басталған. Мейірімді адамдардың арқасында Әлиханның ата -анасы баланы Мунье профессорге апарып, бірнеше рет тексеруден өткізген. Артынша бүлдіршін ремиссияға шығыпты.

Қатерлі ісіктің өте ауыр болуына байланысты Әлихан реммисияда бес жыл болуы керек екен. Сол үшін оның жанұясына әлі ұзақ жолды өткеру керек болып тұр. Ал Қазақстанда қажетті құрылғылар болмаған соң, Әлиханға үнемі ауруханаға барып, дәл профессордың тексерісінен өтіп тұру қажеттігі туындаған.

«Біз көп нәрсені өткердік. Енді берілмеу керек!» Мейірімді жандардан Әлиханға көмек көрсетуін өтінеміз!

Қазіргі уақытта клиника бізге 10 000 швейцариялық франк (3 656 000) теңге есеп көрсетіп тұр. Оны 2019 жылдың 1 наурызына дейін төлеуіміз қажет. Ал ақшаны өзіміз төлеуге шамамыз жетпейді.

Мен бір баланың аман қалуы әлемді өзгертпейтінін білемін. Бірақ, бір бүлдіршіннің өмірі түгел өзгереді ғой», — деді Әлиханның анасы.

Әлиханға көмектесу үшін реквизиттер:

Карта Каспи ГОЛД 5169 4931 6980 9384; ЖСН 861129401770

Кебенбаева Меруерт Аблашимовна

QIWI 8 775 380 5233.

Paypal: mika.nur.kz@mail.ru

БанкЦентрКредит: 4667 2081 3581 3546;

счет: KZ418560000007220905; БИК KCJBKZKX

Кебенбаева Меруерт Аблашимовна

Халык (Народный)банк: 4402 5735 9136 0716;

Есеп: 906010002006795719; БИК HSBKKZKX

Кебенбаева Меруерт Аблашимовна

ЯндексДеньги 410018034388688;

Билайн номер: +7 771 593 56 71

Журналист: Әлия Әбсемет.