Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды | NUR.KZ

0

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов 15 ықшам аудандағы «Самал» жағалауы жаңа учаскесінің ашылу салтанатына қатысты.

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды

Президент Нұрсұлтан Назарбавтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылғандай: «Қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді».

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды

Мифтер алаңына 13 кішігірім сәулет туындылары орнатылды. Бұл мифтік кейіпкерлер – Суын айғыр, Нұр Төле, Аққу, Түйе үстіндегі қыз, Айдаһар, Асан-қайғы тб.

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды

«Бүгінде «Каспий» теңізінің жағалауы ажарланып, туристер мен қонақтардың, жергілікті тұрғындардың сүйікті орнына айналды.Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында: «Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған» — деген болатын.

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды

Мақалада орын алған ойлар міне бүгін алдарыңыздакөрініс тауып, түркі әлемі мифологиясының кейіпкерлеріне жан бітіп, өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақтауға септігін тигізеді деп білемін.Бұл ойлар қазақ мифологиясының негізін қалаушы, зерттеуші-ғалым Серікбол Қондыбай еңбектерінде де көрініс тапқан. Сонымен, өздеріңіз көріп отырған Асан-қайғы бейнесі. Ол ХІV ғасырда өмір сүрген, данышпан, ақылгөй жырау. Қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған «Дала философы». Желмаяға мініп халқы үшін «Жер жаннаты жерұйықты» іздеген тұлға.Сарыүйік жылан бейнесі. Көне қазақтың дүниетанымындағы киелі нышанның белгісі.Күнбасты Тәңір бейнесі. Тәңір- түркі дүниетанымындағы жоғарғы Жаратушы.Көкбөрі бейнесі. Күллі түркі әлемінің басты тотемі. Ұлы Дала сақшылары бейнесі.Өлкенің 2000 жылдық тарихынан сыр шертетін дай-массагет, сармат дәуірінің ерекше ескерткіштері. Осының бәрі өскелең ұрпақтың жадында мәңгі сақталады деп сенемін» — деді облыс әкімі.

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды

Сонымен қатар жағалауда ұзындығы 102 метр, ені 24 метрді құрайтын баспалдақ салынды. Бұған қоса 50949 м2 кеспе тас, 4496м2 көгал, ұзындығы 1800метрді құрайтын веложол, 6 алаңнан құралған 100 метр миф алаңы мен 300 көлікке арналған автотұрақ бар. Мерекелік шара барысында жергілікті театр өнерпаздарының қатысуымен «Ұлы мұра ұрпаққа аманат!» тетарландырылған шеру өтті.

Ақтауда «Мифтер алаңы» ашылды