Елімізде демалыс күндері 39°С дейін аяз болады

0
Елімізде демалыс күндері 39°С дейін аяз болады


Қазақстан бойынша алдағы демалыс күндері аяз болады.

«Қазгидромет» РМК 22-24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанға әсерін тигізген антициклон әлсірегенмен аяз күшейіп, Батыс Сібірдің орталық аудандарына ауысады. Циклон Қазақстанға әсерін тигізеді. Сондықтан алдағы демалыс күндері және дүйсенбіде елімізде аязды, көбіне жауын-шашынсыз күн райы болжанып отыр.

Республиканың жекелеген өңірлерінде қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, батыс аймақтарда тұман түседі, көктайғақ болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнде ауаның температурасы 30…39°С-ға дейін төмендейді. Бұл климаттық нормадан 7…10°С төмен.