Ақтауда коронавирусқа байланысты ерекше режим енгізілді — Қазақстан жаңалықтары

0

30 наурыз сағат 00: 00-ден бастап Қазақстанның алты қаласына, атап айтқанда, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қалаларында карантин жарияланды , деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау

Алты қаланың тұрғындарына азық-түлік, дәрі-дәрмек, банк қызметтерін сатып алу және жұмысқа шығудан басқа үйден шығу шектелді.

Атырау мен Қарағанды облысы қалаларының қарт тұрғындарына (65 жастан асқан) өзін-өзі оқшаулау ұсынылды.

Сондай-ақ, 30 наурыздан бастап бұл қалаларда халық көп жиналатын орындар, мемлекеттік және жеке меншік балабақшалар мен басқа да ұйымдар жабылды.

Мейрамханалар мен кафелер тек жеткізілім бойынша жұмыс істейді.

Қарағандыда коронавирустың 7 жағдайы тіркелген. Саран, Шахтинск, Абай және Теміртау карантинге жабылды, себебі бұл қалалар тұрғындарының 20 пайызы Қарағандыға жұмысқа және басқа да істер бойынша келеді.

«Бұл қалаларда карантин коронавирустың одан әрі таралуына жол бермеу үшін қабылданған», — деп мәлімдеді жергілікті билік.

Ақтауда 30 наурыздан бастап ерекше тәртіп енгізілді. Онда  сағат 19:00-ден 08:00-ге дейін халықтың қозғалысын шектеді. Сондай-ақ, азаматтардың пәтерден шығуы мен қоғамдық орындарда болуына шектеу қойылды.

Осы сағатқа дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырған 284 адам тіркелді.

 

stan.kz