Ақтауда колония бастығы пара алғаны үшін жеті жылға сотталды

0
108
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

64 0 0

Түзету мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның орынбасары түрмеге жабылды

АСТАНА, 22 қаңтар— Sputnik. Маңғыстау облысында Ақтау қалалық соты ГМ-172/6 колониясының бұрынғы бастығы мен оның орынбасарын жемқорлық жасағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырды.

Сот айыптаушылар бопсалау жолымен, алдын-ала сөз байласу арқылы сотталғандардың туыстарынан үлкен мөлшерде пара алғанын анықтады, деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адамдар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 1 және 2-тармақтарына («Пара алу») сәйкес кінәлі деп танылды. ГМ-172/6 колониясының бұрынғы басшысы және оның орынбасары 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазіргі таңда үкімі күшіне енген жоқ.

Бұдан бұрын уақытша ұстау изоляторының бұрынғы басшысы жанармай құю бекетін тонаған болатын, ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/