Ақтауда ерлі-зайыптылар өз анасын ұрып өлтірді
Ерлі-зайыптылар С және М қарт әжені өз пәтерінде ұрып-соғып, кейін төсегіне апарып жатқыза салған.
Ақтауда ұлы мен келіні қарт әйелді аяусыз ұрып өлтірді. Ол медициналық көмек те алып үлгермеген деп хабарлайды sn.kz, Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылар С және М қарт әжені өз пәтерінде ұрып-соғып, кейін төсегіне апарып жатқыза салған.
Артынша келіні енесінің бас жағында тұрып дұға оқыған. Ал, ер адам анасын бар салмағымен тізесімен басып тұрған. Соған қарағанда ерлі-зайыптылар теріс ағымды ұстанған болу керек.
«Бұл соққы марқұмның ауыр жарақат алуына әкеп соқтырған. Ол көп кешікпей қайтыс болды», – дейді бұл істі қараған судья Гүлнар Байтұрова.
Сот ерлі-зайыптыларды марқұмның өліміне кінәлі деп тауып, оларды 8 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ сот шешімі әлі заң күшіне енбеді.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/