Балалар құқығы туралы БҰҰ конвенциясы, 18 жасқа толмаған жеткіншек

0
Балалар құқығы туралы БҰҰ конвенциясы
(қысқаша баяндама)
1. Бала деген кім? 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2. Дискриминацияның болмауы. Барлық құқық барлық балаға бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық — зомбылықтың барлық түрінен қорғауға және оның құқығын қорғау үшін тиісті шараларды қолдануға міндетті.
3. Балалардың мүддесін қамтамасыз ету. Балаға қатысты жасалатын барлық іс — әрекет оның мүддесін толық көлемде ескеруі қажет.
4. Құқықты іске асыру. Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.
5. Ата — ана, отбасы, қоғам міндеті мен құқығы. Мемлекет баланы жан — жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата — аналар кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
6. Өмір сүру және даму. Әрбір бала өмір сүруге құқұғына ие, және Мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті.
7. Есім мен азаматтық. Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға құқылы. Бала срндай — ақ азаматтық алуға, және мүмкіндігі барынша, өз ата — анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы.
8. Жеке тұлғалықты сақтау. Егер баланы заңсыз түрде жеке тұлғасынан айырса, Мемлекет баланы өзіндік қайталанбас тұлғалығын сақтауға, тіпті керек болған жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан қалпына келтіруіне міндетті.
9. Ата — анадан ажырау. Бала өз мүддесіне қарама — қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата — анасымен бірге тұруға құқылы.
10. Отбасының қосылуы. Бала мен ата — ана отбасын біріктіру немесе өзара қарым — қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы.
11. Заңсыз орын алмастыру және оралмау. Мемлекет ата — ананың немесе үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға міндетті.
12. Баланың көзқарасы. Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.
13. Пікір айту еркіндігі. Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай — ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
14. Ой, ар — намыс және дін бостандығы. Ата — ананың балаға тиісті деңгейде жетекшілік етуі барысында мемлекет сол баланың ой еркіндігін, ар — ұяты мен дінін құрметтеуге міндетті.
15. Ассоциация бостандығы. Бала басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияларға кіруге, болмаса оны құруға құқылы.
16. Жеке өмір сүру құқығын сақтау. Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылардың, сондай — ақ өзара хат алмасуларына кедергі болушылардан, арандатушылардан қорғау құқығына ие.
17. Тиісті ақпараттарды алу құқығы. Мемлекет балаларға ақпарат алуға және әр — түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті.
18. Ата — ананың жауапкершілігі. Ата — ана бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап — қуаттауы керек.
19. Асыра пайдаланушылық пен жаны ашымаушылықтан сақтау. Мемлекет баланы ата — анасының немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық — зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті.
20. Отбасынан айырылған баланы қорғау. Мемлекет жанұялы ортадан айырылған балаға әлеуметтік қорғау көрсетуге міндетті.
21. Асырап алу. Баланы асырап алуға рұқсат етілген мемлекеттерде асырап алу әрекеттері тек баланың мүддесі үшін ғана жасалуы тиіс.
22. Босқын балалар. Босқын балалар, немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балалар ерекше қорғауға алынуы тиіс.
23. Мүгедек балалар. Мүгедек бала еркіндігі, әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін ортада толыққанды және лайықты өмір сүруіне көмектесетін ерекше күтім, білім және қадетті дайындық алуға құқылы.
24. Денсаулық сақтау. Бала нақты түрде қамтамасыз етілген, ең жоғарғы стандарттарға сай медициналық көмек алуға құқылы.
25. Қамқорлыққа алу жағдайында тұрақты тексеру. Арнайы күтім, қорғау немесе емдеу көрсету мақсатында мемлекет арқылы қамқорлыққа берілген бала, мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылы.
26. Әлеуметтік қамтамасыз ету. Сен әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамасыз етудің басқа игіліктерін пайдалануға құқылысын.
27. Өмір деңгейі. Әрбір бала өзінің денелік, ойлық, рухани және сондай — ақ адамгершілік пен әлеуметтік дамуына лайықты өмір деңгейіне мүдделі және құқылы.
28. Білім алу. Бала міндетті түрде алғашқы тегін білім алуға құқылы.
29. Білім алудың мақсаты. Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек. Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындауы керек.
30. Сен өз мәдениетіңді және туған тілінді пайдалануға құқылысыз.
31. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір. Сіз бос уақыт пен демалуға және ойын — сауық пен мәдени ойындарға қатысуға құқылысыз.
32. Экономикалық қанау. Сіз қауіпті еңбек түрі мен қанаудан қорғануға құқылысыз.
33. Есірткі заттарды заңсыз қолдану. Балалар есірткі және «психотропты» заттарды заңсыз қолданудан, сондай — ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғану құқығына ие.
34. Сексуалды қанау. Мемлекет баланы жезөкшеліктен және сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс.
35. Балаларды ұрлау мен сату. Мемлекет балаларды ұрлау мен сатудан қорғау қажет.
36. Қанаудың басқа түрлері. Сіз қанаудың барлық түрінен қорғануға құқылысыз.
37. Азаптау, өлім жазасы, бас бостандығынан айыру. Сіз қинау мен қорлауға душар болмауға құқылысыз. Сізді уақытша қамауға алса, сіз ол жерде ересек адаммен бірге болуыңыз ұқажет, сізді ешқашан өлім жазасына және өмір бақи бас бостандығыңыздан айыра алмайды. Сіз отбасыңызбен байланысуға құқылысыз.
38. Қарулы қақтығыстар. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек.
39. Қайта қалпына келтіру жолындағы күтім. Егер де сіз қандай да бір жанжалдың құрбаны болсаңыз, сіздің денсаулығыңызды қайта қалпына келтіру үшін қажетті емдік шаралармен қамтамасыз етуі керек.
40. Кәмелетке толмаған заң бұзушыларға қатысты сот үкімін қолдану. Заң бұзған бала өзінің ар — намысын, тұлғалығын оятатын және оны дамытатын лайықты ілтипат алуға құқылы.
41. Конвенцияны тарату. Сіз өз құқығыңыз туралы ақпарат алуға құқылысыз, бұл процесске мемлекет қатысуы қажет.
2 Қосымша
ШАҒЫН СӨЗДІК
АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – азаматтың құқықтық статусын сипаттайтын ережелер жиынтығы;
БОСТАНДЫҚ – заң шектеу қоймаған нәрсеге шектеу қойылмаған жағдай (қылық, қызмет).
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ – төмендегі негізгі белгілерді анықтайтын, демократиялық мемлекет:
— заңның үстінен қарау (жалпы, ешқандай шектеулісіз барлығының заң алдындағы міндеті);
— Заңнамалы, атқарушы және сот үкіметіне өкіметтің бөлінуі.
— Заң және тәртіп қызметін атқаратын мықты тәуелсіз сот үкіметі
— ҚҰҚЫҚ МҮМКІНШІЛІГІ – құқық және міндет мүмкіншіліктері. Азаматтық құқық мүмкіншілігі азамат туғаннан бастап өмірден қайтқан уақытына дейінгі міндеті.
КОНСТИТУЦИЯ — ( лат. тілінен Constitutions – құрылғы, құру) – мемлекеттің негізгі заңы. Қазақстан Республикасының конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық форумында қабылданды, сол жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді.
Міндет – дегеніміз осы міндетті алып жүрушінің заңмен анықталған шарасы. Міндет деген басқалардың да құқығын сыйлау деген сөз.
Балалар құқығы туралы БҰҰ конвенциясы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/