Ақтауда 35 жастағы әйел үшем туды

0
102

Маңғыстау облысында биылғы алғашқы үшем дүниеге келді

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Ақтауда Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны екі қыз бен бір ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлады lada.kz порталы.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, үшем 2 сәуір күні облыстық перинаталды орталықта дүниеге келген. Бірақ нәрестелердің ата-анасы мұны ешкімге айтпауды жөн санаған.

Тағы оқыңыз: Президенті үшем дүниеге келген отбасыға ерекше тосынсый жасады 

Үшемді Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Кәмшат Төребекова дүниеге әкелген. Ұлдың салмағы 1090 грамм, ал қыздардың салмағы 1990 және 2500 грамм. Кәмшаттың бұдан бөлек 3 баласы бар.

«Жүктіліктің жетінші айында Кәмшаттың денсаулығы нашарлады. Осыған байланысты оған кесір тілігі жасалды. Қазіргі таңда нәрестелер дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты. Кәмшат үшемді дүниеге әкелетінін жүктіліктің бірінші аптасында білген», – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Дәрігерлердің айтуынша, үшем салмақ қосқан соң, ауруханадан шығарылады.



sputniknews.kz