Ақтау полицейлері балаларды аула ішінде қуу себебін түсіндірді – видео

0
4

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

20 0 0

Ата-аналар мен балалар полицейлердің ескертуіне құлақ аспай, карантин кезінде серуенге шығуды жалғастырған

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Ақтау полициясы төтенше жағдайды бірнеше рет бұзған ата-аналар мен балаларды жергілікті полиция бөлімшесіне апарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 102 кезекші бөлімі мен бөлімнің әлеуметтік желілердегі парақшасына 33-шағын ауданда ересектер бақылауынсыз бір топ балалар жиналғаны туралы бірнеше хабар түскенін мәлімдеді.

Соның негізінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен учаскелік инспекторлар және жаяу жасақ патрульдері бірлесіп рейдтік алдын алу шараларын жүргізген.

Алайда, балалары бар ата-аналар құқық қорғау органы өкілдерінің тиісті ескертулері мен талаптарын орындамай, карантин кезінде серуенге шығуды жалғастырған.

«Осы жағдайға байланысты рейдтік шаралар қайта ұйымдастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Онда бірнеше рет профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оларға әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы кезге дейін әлеуметтік желілерде Ақтау қаласындағы аулалардың бірінде баланың полициядан қашып бара жатқаны туралы видео қызу талқыланған болатын. Пікір қалдырушылардың кейбірі аулада серуендеп жүрген балаларды төтенше жағдайды бұзса да полицияға алып бармауға кеңес берсе, енді бірі полицияның көмегінсіз ешкім карантиндік талаптарды сақтамайтынын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Аулада қараусыз жүрген балалар үшін айыппұл салынады

Қазақстанда төтенше жағдай 1 мамыр күнгі таңғы 7.00-ге дейін ұзартылды.



sputniknews.kz