«Ақшаға шешуге болады»: Бас прокуратура Маңғыстаудағы құқық қорғау қызметкерлерінің аудиожазбасын тексеруге кірісті — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас прокуратурасы желіде таралып кеткен полицейлердің аудиожазбасын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тексеру шарасының басталуына Ербол Еділовтың Telegram арнасында пайда болған аудиожазба себеп болыпты. Жазбаға сәйкес, әңгіме Маңғыстаудағы полиция және прокуратура қызметкерлерінің арасында болған. Құқық қорғаушылардың әңгімелерінде полицейдің жұмыстан шығып қалып, прокуратура қызметкерінен көмек сұрап жатқаны аңғарылады. Өз кезегінде прокурор бұл мәселені ақшамен шешуге болатынын айтады. 

«Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында прокуратура мен полиция қызметкерлерінің әңгімесі таралуда. Аталған оқиға бойынша бас прокуратураның ішкі істер тергеу департаменті тергеуді бастады. Аудиожазба тексеріліп, ондағы тұлғалар анықталуда. Тергеудің нәтижелері жарияланатын болады», -делінген ресми хабарламада. 

 

stan.kz