Ақша шақыратын ырымдар

0

Қызыл түсті әмиян, жасыл бақа, өрмекші – мұның бәрі қалтаңыздың қалыңдауына сеп болады

Қазақ – өте ырымшыл халық. Содан болар, «ақшам көбейіп, қалтам қалыңдаса» екен деп, өз білгенінше ырым жасайды. Бүгін біз сіздерді ақша шақыратын ырымдармен таныстырамыз.

  • «Нан қиқымын жесең, бай боласың» дегенді естімеген қазақ кемде-кем шығар. Мұның астарында байлықтан бұрын, халқымыздың «ас атасы – нанға» деген құрметі жатса керек.
  • Ақша шақырады деген бұйымдар қазір өте көп, соның бірі де бақа мүсіні. Алайда оны таңдаған кезде, мына бір нәрсені есте ұстаған абзал: темірден жасалған бақалар ешқашан ақша шақырмайды, тек ағаштан жасалғанын алыңыз. Ақшаны жасыл және қара бақалар тартады.
  • Сандықтың түбіне алтын жасырып, ақшаны күніне үш-төрт рет қайтара санаған жөн.
  • Күн батқаннан кейін ақша санауға, біреуден алуға және беруге болмайды, кірер табысыңыз азаяды.
  • Ақшаны алған мезетте жұмсап жібермеңіз, оның үйде «түнегені» дұрыс екен.
  • Қас қарайғанда үй жинау табыстың жоғалуына әкеледі, сондықтан үйді таңертең немесе күндіз тазалаған абзал;
  • Қонақтар кете салысымен, үйді сыпыруға болмайды. Әйтпесе үйдегі молшылық пен байлық солармен «еріп кетеді» деген наным бар.
  • Бөлмеде өрмекші жүргенін байқасаңыз, оның көзін құртуға асықпаңыз – жәндіктің пайда болуы ақшалай кірістен хабар береді.
  • Сыпыртқыны басын жоғары қаратып, үйдің бұрышына қойған дұрыс. Сол кезде сіздің шаңырағыңызға кедейлік жоламайды.
  • Бай адамның әмиянын бір уақыт өзіңізбен бірге ұстап жүрсеңіз, сіздің де қалтаңыз қалыңдап, ақша сақтауды үйренеді деген ырым бар.
  • Табалдырықтың астына күміс тиынды жасырып қойыңыз, үйге кірген кезде үнемі «ақша да менің артымнан кіріп жатыр» деп айтып жүріңіз.
  • Дүкенде немесе мейрамханада есеп айырысқан кезде, қайтарған ақша мыжылған яки кір болса, бірден басқасына айырбастап беруін өтініңіз.
  • Байлық пен сәттілік символы ретінде өзіңізбен бірге үнемі сирек кездесетін монета немесе доллар купюрасын ұстап жүруге кеңес береміз.
  • «Біреудің ақшасын санамаңыз» деген мәтел тектен тек пайда болған жоқ. Егер біреудің байлығы мен табысын есептеп, әңгіме қылсаңыз, онда өз әмияныңызда ақша көбеймейді.
  • Біреуге əмиян сыйға тартқан кезде, міндетті түрде ішіне тиын немесе қағаз ақша салыңыз. Бос күйінде беруге əсте болмайды.
  • Сейсенбі күні қарыз сұрағандар кем дегенде бip ай бойы қарызда жүреді деген де бар.
  • Күн батып бара жатқанда, үйден су, қоқыс, ақша шығармаңыз.
  • Тағы бір қызықты ырым: үйіңізге ақша шақырғыңыз келсе, тырнақты сейсенбі немесе жұма күні алыңыз.
  • Əмиян мен ақшаны түнде үстел үстіне қалдыруға болмайды, қаржылық шығынға ұшырауыңыз әбден мүмкін.
  • Сол алақаныңыз қышыса, жуық арада ақша ұстайсыз деген ырым бар.
  • Үйге ақша шақырудың тағы бір жолы – əмиянды немесе ірі ақшаны түні бойы терезе алдына қойып қою.
  • Ақшаңыз көп болғанын қаласаңыз, қызыл жəне алтын түстес əмиян ұстаңыз.
  • Жерде жатқан тиынды көтеру – өмір бойы кедейшілікте өмір сүру.
  • Жаңа туған айға əмиянды көрсетсеңіз, таршылық көрмей өмір сүресіз.
  • Дастарханды губка немесе шүберекпен сүртіңіз, ешқашан алақанмен сүртуге болмайды.
  • Үйде ақша ағашын өсіру де – байлық тартудың бір жолы.
  • Ақша ұқыптылықты ұнатады. Сондықтан ақшаңызды әрдайым әмиянда ұстаңыз. Қалтаңызда қалай болса, солай шашылып жатса, кіріс кірмейді.

sputniknews.kz