АҚШ үкіметінің жұмысы қысқартылды

0
85

АҚШ үкіметі жұмысын қысқартып жатыр. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

Үкіметтік мекемелерге бөлінетін қаржы мен кей заңдардың тоқтатылуы себепті федералдық органдар жұмысы қысқартылған. Сонымен қатар, қаржы мәселесін шешуге арналған бюджет жобасы толық бекітілген жоқ. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Мексикамен арадағы шекараны күшейтуге 6 миллиард долларға жуық қаржы бөлетін болды. Трамп шекарадағы әскери топтар мен қорғандарды күшейту арқылы Орталық және Латын Америкасынан келетін заңсыз мигранттарға тосқауыл болмақ. Бірақ, АҚШ Сенаты президенттің шешіміне қарсылық білдіріп отыр. Демократтардың айтуынша, шекарадағы қорғандарға тек қана 2 миллиардтай қаржы бөлінуі тиіс.

Алдағы уақытта бұл мәселе Ақ үйдегі жиын мен Жоғары палатада талқыланады. Қос тарап бірлескен шешімге келсе, АҚШ үкіметінің жұмысы қайта қалпына келтіріледі.

«The Qazaq Times»