АҚШ-тың бас хирургі: Бетперде коронавирустан қорғамайды – Қазақстан жаңалықтары

0
33

АҚШ-тың бас хирургі Джером Адамс бетперденің коронавирустан қорғамайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды», – деп жазды Джером Адамс.

Оның айтуынша, бетперде медициналық қызметкерлердің өзін және өзгелерді жұқтырмауы үшін керек.

«Вирустан қорғанудың басты жолы – күнделікті гигиена сақтау», – деді ол.

Бұған дейін коронавирустың күтпеген жерден оң әсері байқалғаны туралы айтылды.

stan.kz