АҚШ-тың аға сенаторы Ресей халқын Путинді өлтіруге шақырды

0
489

АҚШ-тың аға сенаторы Линдси Грэм Мәскеудің Украинаға басып кіруіне наразылық білдіріп, өзінің Twitter парақшасында Ресей халқын президент Владимир Путинді өлтіруге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Ресейде Брут бар ма? Ресей армиясында Штауффенбергтен де табысты полковник бар ма? Мұны тоқтатудың жалғыз ғана тәсілі – Ресейде біреу бұл жігіттің көзін жоя салу керек. Сіз өз еліңізге және бүкіл әлемге үлкен қызмет көрсетер едіңіз, —  жазды ол.

Сонымен қатар АҚШ-тың аға сенаторы Путинді өлтіру тек орыс халқының қолынан ғана келетінін алға тартты.

Мұны түзете алатын жалғыз халық — орыс халқы. Әрине айтуға оңай, бірақ орындау қиын. Егер сіз әлемнің басқа бөліктерінен өте кедейлікте оқшауланып, өмір бойы қараңғылықта өмір сүргіңіз келмесе, сізге іске кірісу керек, —  деп толықтырды ол.