«Путин кет!»: Алматыда Украинаны қолдауға жиналғандар митинг өткізуде

0
1879

Бүгін Алматыда Украинаны қолдауға жиналғандар бейбіт митинг өткізіп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz ақпараттық агенттігі. 

Stan.kz мәлімдеуінше, митингіге 200-дей адам жиналған. Олардың қолдарында украин туын ұстап келген халық қолдарында “Соғысқа жол жоқ”, “Украина біз біргеміз”, “Путин кет!” деген жазуы бар плакаттар бар.

Айта кетейік, бұл жиынды өткізуге әкімдік рұқсат етсе де, алаңды бақылап жүрген билік адамдары байқалады.

“Бүгінде Украина тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік үшін күрестің символын көрсетіп жатыр. Бізде ондай қоғам бар ма? Бізде осындай митингілерге халық көптеп келсе, елдің саясатына араласса бізде де сондай қоғам қалыптасады. Сол үшін еліміздегі кез келген жағдайға араласайық. Зеленский неге халқымен бірге болды? 2014 жылы Украина халқы демократиялық жолмен өзінің басшысын сайлады. Сондықтан да олардың басшысы халқымен бірге жүр. Ал бізде президентті халық сайлаған жоқ, оны тағайындады. Айырмашылық бар. Украина жерінде үш күн соғыста 227 адам қаза болды. Бізде қаңтар оқиғасында екі күнде 227 қандасымыз қаза болды. Түрмелер мен тергеу изоляторларында геноцид әлі де жалғасып жатыр. Қаңтар оқиғасын ұмытпайық. Соғыс тоқтасын! Бір адамның өлгені адамзаттың өлгені”, – дейді Есжан есімді белсенді.

Украина еркіндікке қол жеткізген мемлекет. Олар революция кезінде бейбіт митингтер өткізуге қол жеткізді. Билік оларға тоқтау сала алмады. Бұл 90 жылдары болатын.