АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды

0

АҚШ Түркияға «Patriot» зымыран жүйесін сататын болды.

«Аnadolu» ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелерін сатуға байланысты құжатты мақұлдаған.

Агенттік таратқан ақпаратта: «АҚШ мемлекеттік департаменті Түркияға «Patriot» зымыран жүйелеріне арналған 80 дана МІМ-104Е зымырандары мен 60 дана РАС-3 зымырандарын сатуға рұқсат берді» — делінген. Келісімшарттың жалпы құны 3,5 миллиард долларды құраған.

Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ пен Түркия «Patriot» зымыран жүйесін сатуға байланысты келіссөздер жүргізіп жатқандығы жөнінде ақпарат тараған.

Жалпы, Ресми Уашингтон Анкараның Ресейден С-400 зымыран жүйесін сатып алуға қарсы. Сарапшылар пікірінше, «Patriot» зымыран жүйесі Ресейдің С-400 жүйесін алмастыратын болады және НАТО әскери блогының әскери қуатын арттыруға көп септігін тигізеді.

«The Qazaq Times»