АҚШ-тағы тәртіпсіздікке Ресейдің қатысы бар ма
CNN арнасының хабарлауынша, бүкіламерикалық жаппай тәртіпсіздікке Ресей агенттерінің қатысы болуы әбден мүмкін
Жақында сол телеарнада шыққан сюжетте сарапшылардың бірі жаппай тәртіпсіздікке «орыс агенттерінің» қатысы болуы жайлы тұспалдаған болатын. Осы пікірді Америка президенті Дональд Трамп Twitter парақшасында келемежге айналдырды.
Америка президенті мен елдегі ең ықпалды телеарна арасындағы қарым-қатынас Иран мен Израиль арасындағы байланыстан да жаман. 2016 жылы CNN арнасы Трамп президент болмас үшін бар күш-жігерін салды. Ал Трамп болса, CNN арнасын «фейк-ньюс CNN» деп атайды және арнаның рейтингі құлдырағанына қуанышын ашық түрде көрсетеді.
Сол себепті Атланта қаласындағы тәртіпсіздік қатысушыларының CNN штаб-пәтеріне шабуыл жасап, терезелерді сындырып, барынша тас-талқанын шығарғаны жайлы жаңалық Америка президентіне қуаныш сыйлады. Трамп Twitter парақшасында ирониялық түрде «наразылық білдірушілер өздерінің әрекетін қолдайтын және ақтайтын арнаны талқандады» деген жазбаны бөлісіп қойды.
Ең қызығы, бүгін CNN арнасында мерейтой, ол 40 жасқа толды. Қырық жыл бұрын жас медиамагнат Тед Тернер жаңалықтарды кабель арқылы абоненттерге үздіксіз жеткізетін желі құрды. Ол тәулік бойы ақпарат тарататын тарихтағы алғашқы желі еді. Бұл ақпарат бизнесіне жаңа серпіліс пен революция алып келді. Біз қазір өмір сүріп жатқан онлайн өмірдің алғашқы бастамасы болды.
1980 жылы бұл жаңашылдыққа ерекше мән берілмеді. Себебі ғылым мен бизнес, саясат пен әлеуметтік технологиялардағы америкалық революция бір-бірінен асып түсіп жатты. Тернер тәулік бойы тарайтын жаңалықты іске қосты, ал бір жыл өткен соң NASA сегіз адамдық экипаж отыратын ғарыш кемесін іске қосты. Осы уақытта IBM бірінші сериялық дербес үй компьютерін сата бастады, одан кейін ұялы телефон, ал содан соң болашақтың патшасы — интернет пайда болды.
CNN Американың шындыққа әсер етуінің қуатты құралына айналды, құрылғанына 11 жыл толған кезде бүкіл әлем «Gulf war» аталатын шоуын тамашалады.
Көз алдымызда жоғары технологиялық америкалық ұшақтар Еуразияның қуатты әскерінің бірін басып жаншыды. Сол сәтте АҚШ басқа адамзаттан көш ілгері әрі жеңілмейтін, ешкім тоқтата алмайтын ел ретінде шоуды тамашалаған адамдардың есінде қалды.
Ал Ирактың әскери күшінен кейін картадан Кеңес Одағы жоғалғанда, бұл америкалық ХХ ғасырдың хэппи-энді сияқты болды.
…Алайда өмірде хэппи-энд болмайды. Шын мәнінде кез келген жеңіс уақытша, одан кейін әрқашан жаңа тарау басталады. XX ғасырда әлемді жеңген Америка «хэппи-энда синдромына» ұшырауы әбден мүмкін. Мәселен, КСРО ыдырағаннан кейін бірден америкалық мемлекеттік ұйымдар «Ресей бойынша мамандарды» оқытуды күрт доғарды.
CNN, Голливуд және «түрлі-түсті технологиялар», сонымен қатар жаңа ғасырдағы Twitter мен Facebook дәл осы америкалық синдромның құрбаны болды. «CNN әлемі» үшін 2016 жылы америкалық медиа әлеміндегі % үстемдікке қарамастан Трамптың сайлауда жеңіске жеткені апокалипсис болды.
…Қазіргі кезде Американың отыз ірі қаласында тәртіпсіздік болып жатқанда, біз әлемдік экс-гегемон аумағында «медиалық» және шынайы өмірдің өзара қарым-қатынасы әрі қарай қалай дамитынына болжам жасай аламыз.
Болжам бойынша, бұл жағдай одан әрі де жалғаса береді. Ақырзаман да, хэппи энд те болмайды. Апокалипсис міндетті түрде өлімге әкелмейді. Мүмкін бұл әлемдік саяси және экономикалық, күш көшбасшылығын жоғалту ғана шығар.
sputniknews.kz