АҚШ-тағы қақтығыста қазақстандықтар зардап шекті ме: Министрлік жауап берді — Қазақстан жаңалықтары
ҚР сыртқы істер министрлігі АҚШ-та болған қақтығысқа отандастарымыздың қатыспағаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір әлеуметтік желілер АҚШ-тағы наразылық акциялары кезінде бір қазақстандықтың қаза тапқаны туралы ақпарат тараған. Ол жерде наразылық шараларын тоқтату барысында отандасымыздың көз жұмғаны туралы айтылған.
Бұл хабарлама алғаш АҚШ-тағы қазақ жастарының арасында таралып, кейін елге жеткен.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат расталмағанын хабарлады. Министрліктің айтуы бойынша АҚШ-тағы қақтығыстарда қазақстандық азаматтар зардап шеккен жоқ.
stan.kz