АҚШ-та жүрген Қазақстан азаматтарының елге қалай жеткізілетіні белгілі болды

0

Пандемияға байланысты көптеген отандастарымыз осы кезге дейін де Ресей арқылы шетелден елге оралған

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Қазақстан, Беларусь және Украина азаматтары елге оралу үшін Ресейдің АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктерінен көмек сұрады. Бұл туралы Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Алдымызда қыруар шаруалар тұр. Бізге АҚШ-та жүрген Беларусь, Қазақстан және Украина азаматтарынан үйіне оралуға көмектесуді сұраған көптеген өтініштер түсуде», – деп жазылған дипломатиялық өкілдіктің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Бұған дейін «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Нью-Йорктен Ресейге 369 адамды жеткізген.

«Біз ұшақтың осыншалықты жүктемесін бұрын-соңды көрген емеспіз және біз үшін бұл ерекше рекорд. Өз тарапымыздан қолдан келгеннің бәрін жасадық. Нью-Йорктен рейстің ұйымдастырылғаны туралы алдын ала хабарлама отандастарымыздың әуежайға уақытында жетуі сияқты көптеген сұрақтарды тездетіп шешуге мүмкіндік берді», – деп мәлімдеді Антонов.

Ол рейс жолаушылары арасында елшілік қызметкерлері құрған «гуманитарлық тізімде» 40 адам болғанын атап өтті. Оның құрамына АҚШ-та қиын жағдайға тап болған, емделіп немесе сауықтырудан өткен азаматтар мен мүгедектігі бар қарттар енген.

Қазақстан коронавирус індетіне байланысты басқа елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін тоқтатқан.

Шекаралардың жабылуына қарамастан, пандемия кезінде әлемнің 62 елінен республика бойынша 12 мыңға жуық отандасымыз Қазақстанға жеткізілді. Ел үкіметі бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын тауып, шетелде жүрген жеті мың азаматтың отанына оралуына мүмкіндік беріледі деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: «Қымбатқа түсті»: елордаға алғашқы карантиндік рейс ұшып келді — видео

Айта кетейік, Қазақстанда екі айға жуық уақыт бойы төтенше жағдай жарияланды. Коронавирустың таралу қаупі сақталғандықтан, елімізде бірқатар қалаларында карантин режимі әлі де жалғасуда.



sputniknews.kz