Домой Жаңалықтар АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

АҚШ-та қазақстандық қызды атып кетті

0
294

АҚШ-та қазақстандық қызды өлтіріп кетті. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оқиға Миннесота штатының Сент-Пол қаласында 16 ақпан күні болған.

«Осы жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан азаматы белгісіз жағдайда қаза болды. Жергілікті полиция берген ақпаратқа сәйкес, отандасымыз өз көлігінде оқ жарақатынан көз жұмған», – делінген хабарламада.

Полиция аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Күдікті деп танылған азамат ұсталды.

Қазақстанның Америкадағы елшісі марқұмның туыстарымен байланысқа шыққан.