АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

АҚШ-тың Шарлотт қаласында күндіз 15 жастағы қазақстандықты атып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пистолет

Бұл туралы Charlotte Observer басылымы жазыпты. 

Жеткіншекті ұрылар атып өлтірген. Роман есімді қазақстандық BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, қымбатқа сатумен айналысқан екен. Қаскөйлер Романды 16 жасына толуына бір ай қалған кезде өлтіріп кеткен. 

Оқ жарақатын алған бозбала көп ұзамай ауруханада көз жұмған. Полицейлер 18 жастағы күдіктіні қолға түсірген.  

Роман отбасымен бірген АҚШ-қа 2014 жылы Семейден көшіп барған. Ол жанұяның үлкен баласы екен. Жергілікті тұрғындар марқұмның жерлеу рәсімдеріне шығынына 41 мың доллардан астам ақша жинапты. 

 

stan.kz