Алматының бас санитарлық дәрігері Көк базардан көптеген заң бұзушылықтарды анықтады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы Көк базар басшылығына тәртіп бұзушылық үшін 4 миллион теңге айыппұл салынады. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин осындай сомада айыппұл салуды ұсынды. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

базар

Тексеру барысында базардың көптеген қызметкерлері мен сатып алушылар бетперде кимейтіні, ал кіре берісте жылу өлшегіш пен санитайзерлер жоқ екені анықталды.

«Анықталған бұзушылықтар, ескертулер, кемшіліктер бойынша ауданның бас дәрігеріне хаттама жасау, біз айтқан кемшіліктерді орындау тапсырылды. Айыппұл сомасы 4 миллион теңгеге дейін жетеді», — деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, Жандарбек Бекшин тексерісті Орталық базардан бастады. Онда ол сатушылардың қолғаптарының жоқтығын байқады. Тек ескертулерден кейін ғана қолғапты киді. Одан әрі бас бас санитарлық дәрігер Көк базарға барды. Кіре берістен ақ ол өрескел бұзушылықты анықтады: жылу өлшегіш жоқ. Базар басшылығының айтуынша, құралдар жақында сынып қалған. Сатып алушылар да назардан ты қалмады. Олардың көпшілігі маскасыз болды және оны ешкім бақыламаған.

 

stan.kz