АҚШ Қытайда өтетін олимпиадаға бойкот жарияламақ

0

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі жақын арада Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды деген болжам бар. Бұл туралы CNN ақпарат көздеріне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Оның айтуынша, бұл жердегі әңгіме америкалық шенеуніктердің Олимпиадаға мүлдем келмеуі туралы болмақ. Мұндай шешім Қытайды америкалық спортшыларды жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырмауға шақырады. Бойкот осы аптада жарияланады деп күтілуде.

Бұған дейін журналистердің осы тақырыптағы көптеген сұрақтарына Байден жауап беруден бас тартқан болатын.

Осы жылдың мамыр айында АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси халықаралық қауымдастықты Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауға шақырған болатын. Оның пікірінше, әлемнің жетекші елдерінің басшылары жарысқа қатысудан бас тартуы керек. Оған Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы ҚХР тарапынан жасалған жаппай қуғын-сүргін себеп болды. Бейжің мұндай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады. Сонымен қатар АҚШ Ұлттық Олимпиада комитеті бойкотқа қарсылық білдіріп отыр.

Еске сала кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында Бейжіңде өтеді.