Әнші Мақпал Исабекова өзін Джей Ломен салыстырды

0

Отандық әнші Мақпал Исабекова өзін әйгілі америкалық актриса, әнші Дженнифер Лопеспен салыстырды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Исабекованы «қазақстандық Джей Ло» деп атайтындар көп.

«Мына суретке қарап, J.Lo-ны көремін. Осындай әдемі әйелге ұқсағаныма ризамын. Ол да осы суретті көрсе, қалай болады деп ойладым. Ол мүмкін бе, қалай ойлайсыздар?» — деп армандады әнші.

Бұл ретте әнші оқырмандарынан посттың астына Джей Лоны белгілеуді өтінді. Фанаттары Мақпалдың өтінішін жерде қалдырмады.

«Мүмкін пікір қалдырса ше? Ой Макося армандап кетті», — деді ол.