АҚШ пен Қытай Айда әскери қақтығысты бастауы мүмкін — сарапшылар

0

Америка Құрама Штаттары, Қытай мен Ресей ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалану саласындағы мемлекеттердің қызметін реттейтін принциптер туралы шартқа қосымша келісімді ратификациялаған жоқ, деп хабарлады америкалық Defence One басылымы.

Басылым Айда қоныстанған немесе баратын базалар үшін қолайлы орындардың шектеулі саны бар деп мәлімдейді. Defense One — ның мәліметінше, Қытай немесе Ресей өз базаларын экономикалық тиімді жерлерге орналастыра отырып, олардың айналасында АҚШ – тың кіруі шектелетін қауіпсіздік аймағын ұйымдастыра алады.

Басылым бұл жағдай АҚШ — тың активтерін Жерден 272 мың миль (шамамен 438 мың шақырым) қашықтықта қорғауды қажет ететін соғыс қимылдарын тудыруы мүмкін екенін мойындайды.

«Болашақта Айдың кеңістігін ашық және бейбіт түрде пайдалануды қамтамасыз ету үшін басқа қорғаныс және шабуыл құралдары қажет болады», — деп хабарлады Defense One ғарыштық жүйелердің инженері Лаура Даффи мен адвокат Джеймс Лейктің пікіріне сілтеме жасап.

Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты