АҚШ-ның Providence атомдық сүңгуір қайығы Ресей әскери күштерін байқамай Солтүстік теңіз жолынан өтті
Американдық ядролық сүңгуір қайық Солтүстік теңіз жолына еніп, Ресейдің ресми тыйым салғанына қарамастан, сол маңда байқалмай өтіп кетті. USS Providence атомдық сүңгуір қайығы Ресейдің тыйым салғанына қарамастан, Солтүстік теңіз жолының суларына кірді.
Қолда бар ақпаратқа сәйкес, американдық сүңгуір қайық осы аймақтың суларына еніп, оның едәуір бөлігінен өтіп, бірнеше күнде Жапония жағалауына өтті. Сонымен бірге ресейліктер бұл сүңгуір қайықты байқай алмады.
Бұл үстіміздегі жылдың 5 қарашасында болған оқиға екен. Ресей Солтүстік теңіз жолын Арктика аймағымен «тарихи қалыптасқан ұлттық бірыңғай көлік байланысы» ретінде қарастыратынын ескеру керек.
Бұл аймақ Мәскеу үшін стратегиялық маңызды болғандықтан, басқа мемлекеттердің кемелерінің Солтүстік теңіз жолы бойымен оның рұқсатынсыз өтуіне тыйым салынды. Ресей билігі бұл жағдайға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
P.S. Армения мен Әзірбайжан арасындағы жуырдағы әскери қақтығыстар ең заманауи ресейлік қару-жарақ пен әскери техникамен қаруланған армян қарулы күштерінің әзірбайжан әскери техникасы мен Әзірбайжанның Түркия мен Израильден сатып алған қару-жарақтары алдында мүлдем осал және пайдасыз екенін көрсетті.
Енді американдық атом сүңгуір қайығымен болған оқиға Ресей әскери-теңіз флотының батыстық әскери серіктестері мен әріптестерінен үмітсіз артта қалғанын көрсетті.
Керімсал Жұбатқанов