Илон Маск миллиардерлер рейтингінде Марк Цукербергті басып озды

0

Tesla мен Space X басшысы Илон Маск Bloomberg миллиардерлерінің әлемдік рейтингінде Facebook негізін қалаушы Марк Цукербергтен озып үшінші орынға шықты.

19 қарашадағы жағдай бойынша Масктың байлығы 120 миллиард долларға, ал Цукербергтің байлығы 103 миллиард долларға бағаланған.

Агенттіктің хабарлауынша, кәсіпкердің байлығы бір күнде Тесла акцияларының 10% өсуі аясында 10,2 миллиард долларға өскен.

Amazon-дің негізін қалаушы Джефф Безос Bloomberg-те 183 миллиард долларлық байлығымен № 1 — орынды жалғастыруда, екінші орында Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс (128 миллиард доллармен) тұр.

Әлемдік Forbes рейтингінде 19 қарашадағы жағдай бойынша Маск (төртінші орын, 105 миллиард доллар) Цукербергтен озды (ол бесінші орында, 99,9 миллиард доллармен тұр).

Керімсал Жұбатқанов