АҚШ Конгресі тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманға санкция салуы мүмкін
Түркия бас прокуратурасының мәліметі бойынша, аталған қылмыс алдын ала жоспарланған. Сондай-ақ Хашоггиді ғимаратқа кірген уақытта бірден буындырып өлтірді деген болжамға келіп отыр. Бұдан кейін оның денесін бөлшектеп, құдыққа тастағандығы да анықталды. Алайда, денесі толықтай табылған жоқ. Осыған байланысты Сауд Арабиясының 18 өкілі тұтқындалған. Бұдан бөлек, Мұхаммед бин Салманның қатысы бар екендігі де күн өткен сайын шындыққа жанасуда.
Естеріңізге сала кетейік, Хашогги өлімінен кейін тақ мұрагері алғаш рет шет елдік турне ұйымдастырған болатын. Онда Араб әмірлігіне қарасты елдерге баруды жоспарлаған еді. Қазіргі таңда Тунис елінің бір топ тұрғыны оның елге келуіне қарсы наразылық акциясына шықты. Бұдан бөлек, Алжир мемлекеті де Салманның аталған елге ат басын бұруына қарсылық білдіруде.