АҚШ Ирактағы зымыран соққыларына алаңдаулы
Қысқа сілтеме алу
Осы аптада Иракта АҚШ-тың төрт әскери базасына жаппай зымыран соққылары жасалды. Бұған бір-ақ түсініктеме бар — америкалық одақты аймақтан шығарып тастау мақсаты
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Он төртінші қаңтарда АҚШ-тың Ирактағы Эт-Таджи әкери базасының аумағына жаңа зымыран соққысы жасалды. Бұл ақпаратты америкалық одақ штабының өкілі, полковник Майлс Кэггинс растады. Sputnik әскери шолушысы Александр Хроленко өз материалында Таяу Шығыстағы ахуалға талдау жасады.
Америкалықтар Ирактың шейіт жасағы, яғни милициясынан күдіктеніп отыр. Оның басшысы Әбу Махди әл-Мухандис АҚШ президенті Дональ Трамптың бұйрығымен үшінші қаңтарда Бағдад әуежайында Иран генералы Касем Сулейманимен бірге өлтірілген болатын.
Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы аэроғарыш күштерінің қолбасшысы, генерал Амир Али Хаджизаде аймақта америкалық базаларға шабуыл жасала бастағанын мәлімдеді. Бұған қоса, ол Сулеймани өлімі үшін нағыз кек алу — АҚШ-ты Таяу Шығыс аумағынан қуып шығу болатынын атап өтті. 8-14 қаңтар аралығында корпус пен шейіт әскери құрылымдарының зымыран соққылары Американың Ирактың әртүрлі провинциясында орналасқан Айн аль-Асад, Эрбиль, Балад пен Айн-аль-Асад әскери базаларына жасалды.
Тағы оқыңыз: АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы атқыланды
Вашингтон АҚШ әскерлері бар Ауғанстан – Ирак – Сирия «отты дәлізінде» қаншалықты күрделі әрі жарылыс қаупі бар жағдай қалыптасқанын түсінеді. Сондықтан Пентагон әскери нысандары мен беделіне жасалған барлық төрт жаппай соққы жауапсыз қалды деуге болады. Вашингтон қолдан жасаған дағдарыс жағдайында америкалықтар дипломатиялық жолмен әрекет жасауға тырысуда. Бұған Қатар әмірі Тамим бин Хамада әл-Танидің Тегеранға жарияланбаған сапары мысал.
Қарсы шаралар
Он үшінші қаңтарда Иран президенті Хасан Роухани бұған дейін парламент қабылдаған заң жобасын мақұлдады. Оған сәйкес, Пентагон мен онымен байланысты құрылымдар лаңкестік ұйым болып танылған болатын. Бәлкім, бұл Вашингтонға жасалған әскери-саяси ескерту болар (ешкім үлкен соғыс тілемейді). Десек те, Роухани қол қойған, бұған дейін ирандық депутаттардың басым бөлігі қабылдаған (238-дің 228-і қолдап, дауыс берген) заң Иран қарулы күштеріне қосымша құқықтық негіздемелеріз АҚШ-тың әскери күштеріне аймақта және әлемнің кез келген жерінде шабуылдауға мүмкіндік береді. Америкалық одаққа қарсы «Азап шегуші Сулеймани» әскери операциясының егжей-тегжейін ешкім ашпайды. Келесіпеушіліктер салдарынан АҚШ пен Иран арасында ауқымды әскери қақтығыс мүмкіндігі жоғары болып отыр.
Тағы оқыңыз: АҚШ пен Иран қақтығысы: Таяу Шығыстағы ахуал не болмақ?
Басқа жағынан алсақ, бесінші қаңтарда Ирак парламенті шұғыл отырыста Иракта шетелдік әскери күштердің болуын тоқтатуды үкіметке міндеттейтін резолюция қабылдады. Америка президенті Дональд Трамп бұған жауап ретінде бұрын-соңды болмаған санкцияларды уәде етті. Егер Бағдад америкалық әскерлерді шығару туралы нақты шешім қабылдаса, АҚШ өз банктеріндегі Ирактың ондаған миллиард долларын бұғаттап, әскери көмекті қысқартамыз деп қорқытып отыр.
Пентагон мен одақ тұрақсыз аймақты тастап кетуге моральдық тұрғыда дайын, себебі қарсылас мықты әрі жоғары технолгиясы да дамыған. Иранның соққы жасайтын дамыған қару-жарағы, зымырандары баршылық. Ал Американың Иракта сенімді қаруы да, қорғанысы да жоқ. Сегізінші қаңтардағы алғашқы зымыран соққылары АҚШ әскери базалары мен одақ әскерлерінің қорғансыздығын көрсетті.
Күштердің орналасуы
Таяу Шығыстан тыс жерде АҚШ пен Иран қарулы күштерінің әлеуеттерін салыстыруға келмейді. Бірақ аталған аймақта Пентагонның белгілі бір басымдығы өз аумағындағы Иран әскерінің шоғырлануымен жойылады.
Global Firepower әскери қуат бойынша әлемдік рейтингте батыс сарапшылары Иранға 14-ші орын берген. Бұл Пәкістан, Израиль мен Солтүстік Кореядан жоғары. Тегеранға қатысты ашық агрессия бүкіл америкалық одақ пен өңірлік серіктестер үшін үлкен залал әкеледі. Айтпақшы, Иранның да одақтастары бар.
Он екінші қаңтарда Иранның жоғарғы басшысы, аятолла Сейид Әли Хаменеи өңірдегі жағдайлар Таяу Шығыс елдері арасында байланыстардың одан әрі дамуын талап етеді деп мәлімдеді. Иранда генерал Сулемани қазасынан кейін Ирактың «Халықтық жұмылу күштері» шейіт командирлерінің үйлестіру кездесуі өтті. Шейіттердің ауызбіршілігі мен жауынгерлік әлеуетін бағаламау қауіпті.
Бүгінгі таңда Таяу Шығыс геосаяси құндылықтарының ауқымды өзгерісін бастан кешіруде. Әрине, Америка Құрама Штаттарының Бағдадқа уәде еткен санкциялары ықпал етпей қалуы мүмкін. Себебі бұған дейін осындай жағдай бірқатар елде болды.
sputniknews.kz