Прокурор Тәбәрікұлын алты айға соттап, Қазақстан аумағынан шығаруды сұрады

0
89

Прокурор «шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Шыңжаң қазағы Тілек Тәбәрікұлын алты айға бас бостандығынан айырып, бес жылға дейін Қазақстан аумағынан шығаруды сұрады. Бұл ақпаратты сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Прокурордың сөзін естіген Тілек Тәбәрікұлы «тек Қытайға жібермеңіздерші» дегенді әрең айтты. Айыпталушының туыстары мен адвокат жылап жіберді.

Қорғау тарабы прокурордың айтқанына қарсы болып, Тәбәрікұлын үш айға соттап, Қытайға қайтармауды сұрады. Тілек Тәбәрікұлы да соттан өзін қайтармауды сұрады.

Судья кеңесу бөлмесіне кетті.

(Жаңалық толықтырылады).

Azattyq