АҚШ Елшілігі мен ЕО Делегациясы Макс Боқаевпен кездесті

0

Бүгін АҚШ Елшілігі мен ЕО Делегациясының өкілдері Атырауда Макс Боқаевпен және басқа белсенділермен ашық сөйлесіп, олардың реформалар мен азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан рөлі жайында пікірлерін тыңдады. Бұл туралы АҚШ елшілігінің Twitter парақшасында жарияланды.

Қатысқан өкілдер АҚШ/ЕО тарапынан Қазақстандағы сөз бостандығын қолдайтындарын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 18 ақпанда Атырау қаласының №2 соты белсенді Макс Боқаевқа үш жылға әкімшілік қадағалау орнату бойынша төрт шектеу қойды. 2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталып, 4 ақпанда қамаудан шыққан Боқаевты қадағалауды Атырау қаласы полиция департаменті ұсынған.