АҚШ Ауғанстан аумағындағы әскерінің тең жартысын шығармақ

0

АҚШ Ауғанстандағы әскер санын азайтпақ.

«AFP» ақпарат агенттігінің мәліметінше, президент Дональд Трамп Ауғанстан аумағындағы АҚШ әскерінің тең жартысын елге қайтармақ. Ол бұл шешімді желтоқсан айының 20-ынан 21-іне қараған түні қабылдаған.

«Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, қазіргі таңда Ауғанстан аумағында 14 мың АҚШ сарбазы бар. Жақын уақытта оның 7 мыңы Ауғанстан жерінен шығарылуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, 19 желтоқсан күні Трамп Сүрия аумағынан АҚШ әскерін шығаруға байланысты жарлыққа қол қойған. Ол өзінің бұл қадамын «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының жеңіліс табуымен байланыстырып, АҚШ әскерінің бұдан әрі Сүрия аумағында қалуына ешқандай негіз жоқ екендігін айтқан.

«The Qazaq Times»