Такси жүргізушілері чек беруге міндеттеледі

0
73

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап жүргізушілер жолаушыларға фискалды чек бере бастайды.

Бұған себеп, «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қаржы министрлігінің бұйрығына енгізілген түзетулер мен толықтырулар енгізілген. Сондықтан 1 сәуірден бастап кассалық аппаратты қолдануға міндеттеледі.

Биыл «Яндекс.Такси», Uber, InDriver және тағы басқа компаниялардың жүргізушілеріне ресми қызмет көрсетушілер қатарына қосып, оларды медициналық тексерістен өту міндеттелген болатын. Бірақ заңнамадағы бұл өзгерістер әлі де қабылданған жоқ.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын