Ақсайда подъезде ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастады — полиция не дейді (видео)

0

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мессенджерлерде тараған аудиожазбаға қатысты түсініктеме берді

Ақсайда тұрғын үйлердің бірінің подъезінде екі ер адамның бірі екіншісінің жыныс мүшесін кесіп тастады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.

Мессенджерлерде піштірілген ер адам үйден шығып, есінен танып қалды деген ақпарат тарады, деп жазады «Мой город» басылымы.

«Жалаңаш ер адам үйдің артында жүрді, 48-ші үйдің жанында отырды, сосын есінен танып қалды. Милиция мен жедел жәрдем шақырдық. Менен қазір жауап алады, өйткені мен милицияны шақырдым», — дейді әйел аудиожазбада.

Екінші хабарламада әйел подъезде қан іздері жатқанын, пәтерде тұратын күзетшілер арасында жанжал шығып, біреуі екіншісінің жыныс мүшесін кесіп тастағанын айтады.

Облыстық полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Тарап жатқан аудио хабарламалар шындыққа сәйкес келмейді. 21 мамырда сағат 18.00-де төртінші ықшамаудандағы пәтерлердің бірінде Қызылорда облысының тұрғыны осы өңірдің екінші тұрғынының қолы мен кеуде тұсына пышақ жарақатын салды. Бұл оқиға қылмыстық кодекстің 106-бабының бірінші бөлімі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Жәбірленушінің жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінен палатаға көшірілді. Тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлер жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.