Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, біреуі – сәби

0
31

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Апатқа жол берген азамат биылғы ақпанда жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1 208 шақырымында (Ақмола облысы) жол апаты болды. Апат салдарынан екі адам көз жұмды, тағы төртеуі түрлі жарақат алды.

Оқиға кеше кешке болды, деп хабарлайды «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Lada Granta маркалы екі автокөлік Целиноград ауданы Қараменді батыр ауылының маңында бір-бірімен бетпе-бет соқтығысқан. Полицейлердің айтуынша, жол апатына кінәлі болуы мүмкін 24 жастағы жүргізуші биылғы ақпанда үш жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған екен.

Жүргізуші астанаға бара жатып, қасындағы көлікті басып озбақ болып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша, қарсы бағыттағы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Қатты соққыдан екінші автомобильдің 33 жастағы жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы бес адамды, оның ішінде баланы жедел медициналық көмек дәрігерлері алып кетті. Кейін 2019 жылы туған сәбидің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Апат болған жерде жол эксплуатациялық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясы қыс мезгілінде қысқы дөңгелек қолдану қажеттігін жүргізушілердің есіне салады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз