Ақмола облысында үйінді астынан үш баланың мәйіті табылды

0

Хрящевка елді мекенінде жеке тұрғын үйден өрт шығып, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұл балалар ажал құшты

Ақмола облысының Атбасар ауданында өрттен үш бала көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 05:19-да Атбасар ауданына кіретін  Хрящевка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Ол жерде көпбалалы отбасы тұрғаны белгілі болды. Атап айтқанда, 1979 және 1981 жылдары туған ерлі-зайыпты, сондай-ақ, олардың бес баласы – 2004, 2005, 2007, 2008 жылдары туған ұлдар мен 2012 жылы туған қыз бала.

«Атбасар қаласының № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 25 шақырым. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ата-анасы мен 2004 және 2012 жылы туған екі бала сынған терезе арқылы өздері шыққан. Өрт салдарынан үйдің төбесі опырылып түсті», – дейді өрт сөндірушілер.

Құтқарушылар сағат 06:40-та өртті ауыздықтады, ал 08:25-те толығымен сөндірді. Үйінділерді қопару кезінде үш баланың мәйіті табылды.

«Солай шешілді»: Тәуекел Мүсілімнің дүбірлі тойы болмайды

Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз